Ұйымдастыру жұмыстары |
|
Кәсіподақ бірлігін ұйымдастыруды күшейту
Кәсіподақтың съезінде қабылданған шешімдерінде және Жарғысында қарастырылған міндеттер мен мақсаттарды іске асыру ұйымдастыру жұмыстарының негізгі бағыты болып табылады: - бағдарламалары Кәсіподақ мақсатына сәйкес келетін Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясымен, теміржолшылар мен көлік құрылысшылары кәсіподағының Халықаралық конфедерациясымен және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесе жұмыс істеу және өзара әрекет ету; - баспа түрінде Кәсіподақ қызметі мен мақсатын насихаттауды; - бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен филиалдардың Орталық Кеңес арасындағы ақпараттық қарым-қатынасын; - Кәсіподақ бірлігін, қайта құрылған құрылымдық бөлімшелердегі бастапқы кәсіподақ ұйымдарын ашу жолымен кәсіподақ мүшелігін ынталандыру және кәсіподақ мүшелігі қатарын көбейту бойынша жұмыстарды белсенді атқарады; - жауапкершілік пен тәртіпті; Кәсіподақ Жарғысын қатаң сақтауды қадағалайды, Кәсіподақтың барлық құрылымдық бөлімдерімен съезд шешімін орындауды қадағалайды; - құқықтық, ұйымдастыру, еңбекті қорғау және т.б. оқыту семинар курстарын ұйымдастырады; - жастарды Кәсіподақ жұмысына ынталандырып, қызықтырады;
Халықаралық жұмыс
Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы және Балтия елдері теміржолшылары кәсіподағымен қарым - қатынасты дамытуға айрықша назар аударады. Көптеген проблемалар, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық қорғаудың кілтті мәселесі болып, келісілген салалық проблемаларды саясатты өңдеу қажеттілігі бойынша бірлескен шаралар бағдарламасын жасақтауда мүмкіндігінше жұмыстың кеңейтілуін талап етеді. - теміржолшылар және көлік құрылысшылары кәсіподақтарының Халықаралық Конфедерациясымен бірлесе отырып, теміржол көлігі бойынша Кеңеспен ТМД мүше-мемлекеттері аумағында теміржол саласының әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуде өзара әрекет жасайды; - еңбекті қорғау, еңбекақы төлеу, кәсіби дайындық, зейнетақылық қамтамасыз ету жәнет.б. мәселелерді шешу бойынша ақпарат алмасуды іске асырады; бірлескен шараларға қатысады, кәсіподақ белсенділерінің бірлескен сабағын өткізеді, кәсіподақ делегаттарымен екі жақты алмасуды дамытады ж/е т.б. |
||






