| Кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғаумен қамтамасыз етуде Кәсіподақ қызметінің негізгі бағытын орындаудың кепілі Кәсіподақтың тұрақты қаржылық жағдайы болып табылады: Оған қол жеткізу үшін қажетті: - Кәсіподақ Жарғысына сәйкес кәсіподақ мүшелік жарнасын толық және уақытында төлеумен қамтамасыз ету. 1998-2008 жылдардағы кезеңге Кәсіподақ саласы қаржылық жұмысы 1998 ж. кәсіподақ саласының барлық тобына салық және бухгалтерлік есебі бойынша бірыңғай қаржы саясаты ұстанымының көрінісін тапқан есепке алу саясаты дайындалды және бекітілді.( 26.02.1998 жылдан бастап № 9 Қаулы.) 2001 ж. Кәсіподақ филиалдары мен кәсіподақ комитеті қызметінің басым бағыттарының бірі болған 08.11.2001 ж «Бухгалтерлік есепке алу, жинау және кәсіподақ мүшелік жарнасын бөлуді орталықтандыру туралы ереже» № 4 Қаулы қабылданды, қаржы тәртібін тұрақтандырып, кәсіподақ жарнасын жинау және оның мақсатты жұмсалуын тәртіпке келтірді; Кәсіподақта бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру бойынша қаржы жұмыстарындағы жалпы стратегияны дайындау және бухгалтерлік есепке алуды орталықтандыру жүйесіне көшумен қамтамасыз етуші ретінде танылған «Әдістемелік кеңес туралы ереже» қабылданды; 2002 ж. «Теміржолшылар кәсіподақ ұйымдарының мәдени-көпшілік және оқу-спорттық жұмыстарына ақша қаражатын жұмсау бойынша ереже», «ҚР теміржолшылары кәсіби одағы » ҚБ қызметкерлерінің іссапары туралы нұсқаулық» 28.10.2002 ж. № 6 Қаулысы қабалданды; 2006 ж. бухгалтерлік есепке алу және есеп берудің ролін көтерді, бухгалтерлік есепке алуды жүргізудің жаңа технологиясын енгізді, салық технологиясын енгізу қажеттілігінің туындауына байланысты бас бухгалтерлердің жауапкершілігін жоғарылатуды ескере отырып, «Бас бухгалтерлер туралы» 23.06.2006 ж. № 3 Қаулы қабылданды. 2008 ж. «Қайырымдылық көмекке қаржы шығындау бойынша ереже» 26.08.2008 ж. № 2 Қаулысы қабылданды. Кәсіподақ бюджетін жетілдіру және орындау негізгі төрт мақсатты белгіге негізделді: - бірыңғай нормативті базаны жетілдіру, кәсіподақ бюджеті бабын жіктеу ; - бухгалтерлік жұмыста еңбек ұйымының прогрессивті формасы мен әдістерін пайдалану; - мүшелік жарна төлеудің толықтығына тоқсан сайын бақылау жүргізу; - кәсіподақ бюджетіндегі қаражатты мақсатты пайдалануға бақылау жүргізу. |